ТжКББ ұйымдарының дене шынықтыру пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы
25-09-2020 17:50
ТжКББ ұйымдарының  дене шынықтыру пәні  оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы

   2020 жылдың 25 қыркүйегінде ZOOM платформасы арқылы ТжКББ ұйымдарының дене шынықтыру пәні оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінің 25 оқытушысы қосылды.

Күн тәртібіне сәйкес келесі сұрақтар қарастырылды:

1. 2020-2021 оқу жылына арналған ОӘБ жоспары, ОӘБ жетекшісі - Жаяубаев Ж.К.;

2. Қашықтықтан оқыту мәселелері;

3. Онлайн байқаулар мен іс-шараларды өткізу;

4. Бейнеконтенттер базасын құру.

Колледж өкілдері онлайн отырыс жұмысына белсенді қатысты. Платформа чатында кері байланыс жүргізілді.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. ОӘБ басшысы Жаяубаев Ж.К. отырыстың қорытындысын шығарды.