Қарағанды облысының педагогтер қауымдастығының отырысы
29-09-2020 09:23
Қарағанды облысының педагогтер  қауымдастығының отырысы

2020 жылдың 29 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында Қарағанды облысының «Өркен»  педагогтер қауымдастығының отырысы өтті.  

Дөңгелек үстел жұмысына пәндік қауымдастықтардың 23 төрағасы қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қауымдастықтың 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыруды және облыс педагогтерінің облыстық инновациялық жобалар мен байқауларға қатысу мәселелерін талқылады.

Келесі отырыс 2020 жылдың 18 қазанында өткізіледі деп жоспарлануда.