Қарағанды облысының педагогтер қауымдастығының отырысы
2020 жылдың 29 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында Қарағанды облысының «Өркен» педагогтер қауымдастығының отырысы өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына пәндік қауымдастықтардың 23 төрағасы қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қауымдастықтың 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыруды және облыс педагогтерінің облыстық инновациялық жобалар мен байқауларға қатысу мәселелерін талқылады.
Келесі отырыс 2020 жылдың 18 қазанында өткізіледі деп жоспарлануда.