20 жылдың 28 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті
28-09-2020 08:37
20 жылдың 28 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті

  Ғылыми-әдістемелік орталықтың отырысында оқу-әдістемелік орталық бөлімдерінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары қаралып, бекітілді. Биыл «Бірге  оқимыз», «Зейін», «Алғашқы ұстаз - ата-ана», «Мәдени мұра», «Сиқырлы тақта», «Өнегелі өмір», «Уақыт көпірлері» атты жаңа инновациялық жобалар іске қосылады. Өткен жылдары іске қосылған жобаларды іске асыру жалғасады.

      "Болашақ басшы" білім беру ұйымдары басшыларының резерві мектебінің, "Өсу сатылары" мектепке дейінгі ұйымының жас әдіскері мектебінің жылдық курстары өткізілетін болады. 2020 жылдың соңына дейін қашықтық форматта "Жыл мұғалімі", "Үздік медиатор" облыстық байқаулар, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар өтеді.

   "Өркен" педагогтер Ассоциациясы 15 пәндік бағыт бойынша жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ, биыл инновациялық мектептер, инклюзивті білім беру, қосымша білім беру, мектеп тәлімгерлерінің Ассоциациясы  ашылады.