Шетел тілі пәндері оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы
29-09-2020 18:29
Шетел тілі пәндері оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы

2020 жылдың 29 қыркүйегінде сағат10-да Zoom платформасы арқылы шетел тілі пәндерінің оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің  онлайн отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінен 74 оқытушы қатысты.

Бағдарламаға сәйкес отырыста келесі ұйымдастыру сұрақтары талқыланды:

-         карантин енгізілуіне байланысты былтырғы оқу жылынан ауыстырылған«Үлкен жарыстар/Большие гонки/Bigraces»  облыстық сайысын (қазан, 2020 ж.),  сонымен қатар «Педагогикалық идеялар жинағы» шарасын (қараша, 2020 ж.) өткізуді талқылау;

-         2021 жылға арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын талқылау;

-         қашықтықтан оқыту бойынша ОӘБ жұмысы аясындағы облыстық видеоконтенттер каталогын толықтыру.

Отырыс соңында ұсыныстар тыңдалып, отырыс қорытындысы жасалды.