Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының ОӘБ онлайн отырысы
29-09-2020 18:33
Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының ОӘБ  онлайн отырысы

2020 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 11.30-да Zoom платформасы арқылықазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің  онлайн отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінен 80 оқытушы қатысты.

Бағдарламаға сәйкес отырыста келесі ұйымдастыру сұрақтары талқыланды:

  • карантин енгізілуіне байланысты былтырғы оқу жылынан ауыстырылған«Абай оқулары»  облыстық сайысын (қазан, 2020 ж.) өткізуді талқылау;
  • 2021 жылға арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын талқылау;
  • қашықтықтан оқыту бойынша ОӘБ жұмысы аясындағы облыстық видеоконтенттер каталогын толықтыру.

Отырыс соңында ұсыныстар тыңдалып, отырыс қорытындысы жасалды.