«Құқық» бағыты бойынша ОӘБ онлайн отырысы
2020 жылдың 29 қыркүйегінде сағат14-де Zoom платформасы арқылы «Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінен36 оқытушы қатысты.
Бағдарламаға сәйкес отырыста келесі ұйымдастыру сұрақтары талқыланды:
- карантин енгізілуіне байланысты былтырғы оқу жылынан ауыстырылған«Жастар және қазақстандық қоғамның дамуының құқықтық аспектілері» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын (қазан, 2020 ж.) өткізуді талқылау;
- 2021 жылға арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын талқылау;
- қашықтықтан оқыту бойынша ОӘБ жұмысы аясындағы облыстық видеоконтенттер каталогын толықтыру.
Отырыс соңында ұсыныстар тыңдалып, отырыс қорытындысы жасалды.