«Құқық» бағыты бойынша ОӘБ онлайн отырысы
29-09-2020 17:49
«Құқық» бағыты бойынша ОӘБ онлайн отырысы

2020 жылдың 29 қыркүйегінде сағат14-де Zoom платформасы арқылы «Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің  онлайн отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінен36 оқытушы қатысты.

Бағдарламаға сәйкес отырыста келесі ұйымдастыру сұрақтары талқыланды:

  • карантин енгізілуіне байланысты былтырғы оқу жылынан ауыстырылған«Жастар және қазақстандық қоғамның дамуының құқықтық аспектілері»  облыстық ғылыми-практикалық конференциясын (қазан, 2020 ж.) өткізуді талқылау;
  • 2021 жылға арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын талқылау;
  • қашықтықтан оқыту бойынша ОӘБ жұмысы аясындағы облыстық видеоконтенттер каталогын толықтыру.

Отырыс соңында ұсыныстар тыңдалып, отырыс қорытындысы жасалды.