«Бірге оқимыз!» жобасы
30-09-2020 09:59
«Бірге оқимыз!» жобасы

 

 2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Бірге оқимыз!» инновациялық жобасы шеңберінде Қарағанды облысының педагогтары үшін ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде кезекті воркшоптар өткізілді.

Воркшоптарды:

- Теміртау қаласы «№5 «Сәуле» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі Абдурахманова А.С.; (Тақырыбы: «Мектепалды даярлық тобында балалармен қашықтықтан оқыту және ата-аналармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері»).

- Балқаш қ. «Балақай» МДБМ КМҚК тәрбиешісі Кожаева Б.К.; (Тақырыбы: «Менің сүйікті ертегілерім. Сөйлемдердің графикалық бейнесі. Интонация. Сөйлемнің соңындағы белгілер»).

- Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Табынбекова М.А.; (Тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастыру жолдары» 8 сынып).

- Теміртау қ. «№27 ЖОББМ» КММ география пәнінің мұғалімі Зазуляк Т.В.; (Тақырыбы: «Зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолдану» 10 сынып).

- Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп - интернатының география пәнінің мұғалімі Тулешова К.А.; (Тақырыбы: «География пәнін PBL негізінде оқытудың мүмкіндіктері» 7 сынып) жүргізді.

Тыңдаушылар саны 344 мұғалімді құрады.