Әдістемелік кабинет меңгерушілерімен онлайн-кеңес
06-10-2020 10:00
Әдістемелік кабинет меңгерушілерімен онлайн-кеңес

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 6 қазанында ZOOM платформасында білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған онлайн-кеңес өткізді.

Кездесу барысында Жезқазған және Теміртау қалаларының әдістемелік кабинет жұмыстарының талдауы және  2020-2021 оқу жылына арналған жоспарлары тыңдалды. ОӘО директорының міндетін атқарушы Б.Х.Абдикерованың тарапынан талдау және жұмысты жоспарлау бойынша ұсыныстар берілді.

ОӘО директорының орынбасары Г.С. Копбаева 2020-2021 оқу жылына арналған облыстың орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарын берді.

Электрондық білім беру және инновациялық оқыту бөлімінің меңгерушісі Серікбаева А.Р. оқушылар мен педагогтердің  компьютерлік және ақпараттық сауаттылық деңгейін арттыру және ICILS халықаралық зерттеулерге дайындық мақсатында «Цифрлық әлемге қадамдар», «Дистанционный BOOM», «Веб-мастер», «ІТ-сарапшы» жобаларын ұсынды.

Орта және жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі Мукашева Г.Г. бөлім бойынша жиынтық бағалауды жүргізу және қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды, әдістемелік кеңестер берді.