Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Академия өкілдерінің қатысуымен Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 7 қазанында ZOOM платформасында білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған онлайн-кеңес өткізді.
Кездесу барысында Балхаш, Саран қалалары мен Қарқаралы ауданының әдістемелік кабинет жұмыстарының талдауы және 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарлары тыңдалды. ОӘО директорының міндетін атқарушы Б.Х.Абдикерованың тарапынан талдау және жұмысты жоспарлау бойынша ұсыныстар берілді.
ОӘО директорының орынбасары Г.С. Копбаева Қарағанды облысының білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, мұражайлар құру мен мектептердің атын өзгерту алгоритміне тоқталды.
ОӘО директорының орынбасары Аринов Е.Р. қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың мәселелері мен шешу жолдары туралы ойларымен бөлісті.
ОӘО директорының міндетін атқарушы Б.Х.Абдикерова білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Болашақ басшы» резервтік мектептің ережесімен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Академияның өкілдері іс-шараның маңыздылығын және оның практикалық маңызын атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.