ЮНИСЕФ - тің педагог-психологтарға арналған вебинарлары
2020 жылдың 02-07 қазан аралығында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтары Қазақстан Республикасындағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының өкілдігі ұйымдастырған қазақ және орыс тілдеріндегі вебинарларға қатысты.
Педагог-психологтар ZOOM кездесулерін және онлайн-сауалнамаларды қалай ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат алды. Ата-аналармен жұмыс істеу үшін «Ата – аналарға психикалық денсаулық туралы», «Бірінші сынып оқушылары мен бесінші сынып оқушыларын бейімдеу – психологтың ата-аналармен кездесуі», «Интернет желісіндегі оқушылардың қауіпсіздігі» тақырыптары ұсынылды.