Шуақты жаз – радужное лето
07-08-2015 09:35
Шуақты жаз – радужное лето

Шуақты жаз – радужное лето

      2015 жылдың 04-05 тамыз күндері «Шуақты жаз – радужное лето» балалардың жазғы демалысы, сауықтыруы және қамтылуы бойынша бағдарлама, жоба және мақалалар байқауының қорытындысын шығару мақсатында қазылар алқасының отырысы болып өтті.

      Байқау жазғы демалыс уақытында оқушылардың жан-жақты тұлғалық қалыптасуына бағытталған, балалардың жас ерекшеліктеріне сай, түрлі жастағы жаңа қоғам балаларының сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыратын, оқушы демалысын ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған  жобалар мен бағдарламаларды анықтау және тәжірибеге енгізу мақсатында ұйымдастырылды.

       Байқауға балалардың жазғы демалысы, сауықтыруын ұйымдастыруға байланысты барлығы 6 жоба, 12 бағдарлама  және  42 мақала қатысты.  Байқауға инновациялық білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептер ғана емес,  сонымен қатар, қосымша білім беру мекемелері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (коррекциялық) білім беру мекемелеріде қатысты.

       Байқау қорытындысы бойынша:

«Мектеп жанындағыжазғы лагердің үздік бағдарламасы» номинациясы  бойынша: І орын – «№9 гимназия» Қарағанды қ.,  ЖББ№27 ОМ Теміртау қ.; ІІ орын –  №24 ЖББ ОМ КММ Теміртау қ.; ІІІ орын – «№45 Гимназия» Қарағанды қ.; Алғыс хат -  №3ЖББОМ КММ Шахтинск қ.;

«Жазғы демалыс кезіндегі балалардың бос уақыты мен қамтылуын ұйымдастырудың үздік жобасы» номинациясы бойыншабайқауға қатысқаны үшін Алғыс хатпен  Жезқазған қаласының «Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМКҚ әдістемелік орталығы, Кабжанова Г.М. Бұқаржырау ауданының «Ботақара ЖББОМ» КММ-і марапатталды.

«Жазғы демалыс кезінде балалардың қамтылуы бойынша БАҚ беттеріне жарияланған үздік басылым» номинациясы бойынша: І орын – С.А.Кирносова «Абай қаласының №10 мектеп-гимназиясы»; ІІ орын - Головина С. А. №26 ЖББОМ КММ Осакаровка ауданы; Г.Ж. Балгимбекова №15 ЖББОМ КММ Абай ауданы; Темирбекова С.А.«Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМКҚ Жезқазған қ.; ІІІ орын – Рахимбаева Г.С.№9 ЖББОМ КММ Балхаш қ.; Есмагамбетова  Б.Р., Аймагамбетова Ж.Т. «№3 КОМ» КММ Нұра ауданы; Алғыс хат - Клочкова С.Г. №1ЖББ ОМ Абай қ.; Сизова Г.А. №13 ЖББ ОМ КММ Сарань қ.; Туримова Б.И. «№1 мектеп-гимназия» Сәтпаев қ.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар диплом және алғыс хаттармен марапатталады.  Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша үздік мақалалар «Ізденіс» газетінің 2015 жылдың жарияланды.

 

 

ҚББ және ҰТИД бөлімі