Қарағанды облысы ШЖМ шығармашылық топ отырысы өткізілді
12-10-2020 14:01
Қарағанды облысы ШЖМ шығармашылық топ отырысы өткізілді

2020 жылдың 12 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Шағын жинақты мектеп мәселелері мен даму перспективалары» тақырыбында отырыс өткізілді.

Отырыс барысында Осакаровка, Бұқар жырау, Шет аудандары өздерінің даму бағдарламаларымен таныстырды.

2020-2021 оқу жылының қыркүйек айынан бастап шағын жинақты мектептерді дамыту мәселесі бойынша шығармашылық топ құрылды.

Шығармашылық топпен барлық аудандар бойынша шағын жинақты мектептер жұмысына талдаулар жүргізіліп, әрбір аудандағы ШЖМ даму бағдарламалары және карталары дайындалды.