Әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін онлайн-кеңес
13-10-2020 16:20
Әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін онлайн-кеңес

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 12,13 қазанында ZOOM платформасы арқылы аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін онлайн-кеңес өткізді.

Кеңес барысында  Шахтинск, Приозерск, Қаражал қалаларының, Абай, Бұқар жырау аудандарының әдістемелік кабинеттері жұмыстарының талдаулары мен 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары тыңдалды. Баяндамалардың қорытындысы бойынша ББД ОӘО директорының м.а. Б. Абдикерова талдаулар мен жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар берді.

Электронды журналда жаңа функционалдың ашылуы туралы ББД ОӘО директорының орынбасары Е. Аринов айтып өтті. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің меңгерушісі Г. Мукашева күзгі мектепті өткізу кестесімен таныстырды. Қарағанды облысы математика пәні мұғалімдерінің облыстық Форумының ережесімен ББД ОӘО әдіскері О.Ю. Калинина таныстырды.

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері А.Д. Бугубаева Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды. Тарих және география пәні мұғалімдеріне арналған жобалар, байқаулар туралы ББД ОӘО әдіскері С.К. Тулепбекова айтып өтті.

Кеңес барысында ББД ОӘО директорының м.а. Б.Х. Абдикерова қатысушылармен бірге «Жыл мұғалімі» облыстық байқауын өткізу шарттарын талқылады.