Қарағанды облысының жетекші мектептеріне арналған Вебинар.
15-10-2020 17:53
Қарағанды облысының жетекші мектептеріне арналған Вебинар.

2020 жылдың 15 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып ZOOM платформасы арқылы жетекші мектептер үшін онлайн режимде вебинар өткізілді.

Вебинар бағдарламасында келесі мәселелер қарастырылды:

- "Қарағанды облысының жетекші мектептерінің жұмысын ұйымдастыру туралы" ББД ОӘО директорының м.а. Б.Х.Абдикерова;

- "2020-2021 оқу жылына арналған мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімі қызметінің негізгі бағыттары" Г.Г. Мукашева, МД ЖОББ бөлімінің меңгерушісі;

- Қарағанды қ. ПШО менеджер-әдіскері Д. А. Суртубаева Жетекші мектептер қызметі бойынша негізгі құжаттармен таныстырды.

- Сұрақтар мен жауаптар.    

Вебинарға 100-ден астам педагог қатысты.