«ФУТБОЛ САБАҒЫНЫҢ ҮШІНШІ САҒАТЫ»
16-10-2020 19:24
«ФУТБОЛ САБАҒЫНЫҢ ҮШІНШІ САҒАТЫ»

2020 жылдың 16 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  «Футбол сабағының үшінші сағаты» республикалық пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша  оқыту семинарын онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы өткізді. Семинарға Қарағанды қаласының футбол орталығының басшысы С.М.Поленов, Саран қаласының оқу бөлімінің әдіскері И.И.Гуларов, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері И.А.Востриков, Л.К.Уразбекова, М.В.Миронов қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бейнеконференцияға дене тәрбиесіне жетекшілік ететін әдіскерлер  мен Қарағанды облысының мұғалімдері қатысты.

Барлығы 120 адамды құрады.