«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар
27-10-2020 16:19
«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар

2020 жылдың 27 қазанында оқу-әдістемелік орталық Қарағанды қаласының білім бөлімімен бірлесіп «Жалпы орта білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» КММ «Жас Сарбаз» сыныптарының жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша онлайн семинар өткізді.

Семинарда тәжірибе жалпылауда сөз сөйлегендер: Р.Т. Адилбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; А.Согосбай, директордың ғылыми-әдістемелік  жөніндегі орынбасары; Е.К.Абжанов  АӘжТД мұғалімі; Д.Е.Жумажанов, педагог-ұйымдастырушы; А.Б.Қонтай,  қосымша білім беру педагогы.

Семинар жұмысына Қарағанды облысының 16 өңірінің білім беру бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, АӘжТД басшылары қатысты.