Дебат технологиясы бойынша облыс педагогтарына арналған вебинар
27-10-2020 17:39
Дебат технологиясы бойынша облыс педагогтарына арналған вебинар

2020 жылдың 27-28 қазанында Қарағанды облысының білім басқармасының басшысының ұсынысы бойынша оқу-әдістемелік орталықтың және аймақтық ғылыми-практикалық «Сарыарқа дарыны» орталығының ұйымдастыруымен дебат технологиясы бойынша облыс педагогтарына арналған вебинар қашықтық түрінде өтті.

«Дебат клубын құру үшін не қажет және оның маңызы» тақырыбында дәрісті Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхтарұлы Ғабит жүргізуде.