«Экономикалық пәндерді оқытудағы заманауи тенденциялар: жағдайы және болашағы» тақырыбында қашықтықтан өткізілген облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
28-10-2020 17:16
«Экономикалық пәндерді оқытудағы заманауи тенденциялар: жағдайы және болашағы» тақырыбында қашықтықтан өткізілген облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2020 жылдың 27 қазанында «Экономикалық пәндерді оқытудағы заманауи тенденциялар: жағдайы және болашағы»тақырыбында облыстық қашықтықтан ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны  ұйымдастырушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК және «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.

Конференцияда алғы сөзбен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А.Ж. Сарсембаева, конференцияның модераторы ретінде КО ОӘО әдіскері О. Н. Кирпан сөз сөйледі, диалог алаңын «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, экономикалық пәндер оқытушыларының ОӘБ жетекшісі Г.К. Тунгушпаева жүргізді.

Конференцияға колледждердің экономикалық пәндерінің 47 оқытушысы қатысты.

Аталған конференция оқытушыларға экономикалық пәндерді оқытуда білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді педагогикалық тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді. Өткізілген конференцияның қорытындысы бойынша педагогтар сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды. Конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.