Колледж студенттері арасындағы «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбындағы облыстық Абай оқулары байқауы
29-10-2020 09:05
Колледж студенттері арасындағы «Абай – дана, Абай – дара  қазақта» тақырыбындағы облыстық Абай оқулары байқауы

2020 жылдың 29 қазанында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясында, колледж студенттері арасында Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай – дана, Абай – дара  қазақта» тақырыбындағы облыстық  Абай оқулары байқауының қорытындысы zoom платформасында өтті. Шараға 45 қатысушы қатысты.

Байқау ұйымдастырушылары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Теміртау кәсіптік техникалық колледжі.

Іс шарада алғы сөзбен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің меңгерушісі Кнашина А. А., кіріспе сөзбен облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі  Баймолдина А.С., «Абай оқулары» облыстық байқауының ұйымдастырылуы мен өткізілуі туралы ұйымдастыру алқасының мүшесі, Теміртау кәсіптік – техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Кушербаев Т. П. сөз сөйледі.

Одан кейін бағдарламаға сәйкес байқау қорытындысы жасалып, келесі жеңімпаздар анықталды:

І орын

Жезқазған жоғары политехникалық колледжі студенті Бекмагамбетов Нурдаулет Саятович (182 ұпай). 

ІІ орын

Жезқазған гуманитарлық колледжі студенті Омарова Айсұлу Манарбекқызы (174 ұпай);

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі студенті Мәлік Еркебұлан (171 ұпай).

ІІІ орын

Саран техникалық колледжі студенті Мыктыбаева Эльмира Ерланқызы (170 ұпай);

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі студенті Мауратқызы Жансая (169 ұпай);

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі студенті Қалиақбар Нұрзада Бекболатқызы (169 ұпай).

Жеңімпаздар дипломдармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.