Әлеуметтік педагогтарға және педагог-психологтарға арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі оқыту семинары
29-10-2020 09:22
Әлеуметтік педагогтарға  және педагог-психологтарға арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі оқыту семинары

2020 жылдың 29 қазанында Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының тапсырмасы бойынша оқу-әдістемелік орталығы «Мектеп қауіпсіздігі командасы» облыстық жобасы аясында «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық аспектілері» атты оқыту семинарын өткізді.

Семинарға Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының, Бұқар Жырау және Осакаров аудандарының білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары мен педагог-психологтары қатысты.

Семинар барысында мектептегі және отбасылық ортадағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу тәсілдері, кәмелетке толмаған зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеудің психологиялық тәсілдері қарастырылды.

Тыңдаушылардың жалпы саны 200 адамды құрады.