«Бірге оқимыз!»
30-10-2020 10:56
«Бірге оқимыз!»

 Қарағанды облысының мұғалімдеріне кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Бірге оқимыз!» инновациялық жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба аясында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде және YouTube каналында сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері воркшоптар ұйымдастырылып өткізілді.

2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында 75 воркшоп өткізілді, оның ішінде 30 воркшопты мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, 45 воркшопты инновациялық мектептердің мұғалімдері өткізіп, өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

«Бірге оқимыз!» инновациялық жобасының воркшоптары туралы ақпарат ББД оқу-әдістемелік орталығының сайтында және Facebook парағында үнемі жарияланып отырады.

Қарағанды облысының мұғалімдері «Бірге оқимыз!» жобасының Фейсбук парақшасындағы белсенді қатысушылары болып табылады, қазіргі уақытта олардың саны 800-ден асты, олар ақпарат көріп, өткізілген іс-шаралар туралы пікірлер қалдырады.