«Электронды журналды жүргізу. Электронды журналдағы бағалау жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары» тақырыбында online-семинар
29-10-2020 12:02
«Электронды журналды жүргізу. Электронды журналдағы бағалау жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары» тақырыбында online-семинар

2020 жылдың 29-қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында  «Электронды журналды жүргізу. Электронды журналдағы бағалау жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары» тақырыбында online-семинар өткізді.

Семинарға:

- ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Аринов Есбол Рымбекович;

- ҚО ББД ОӘО МДжЖОББ бөлімінің меңгерушісі Мукашева Гульсым Габбасовна;

- ҚО ББД ОӘО ИОТжЭББ бөлімінің меңгерушісі Серікбаева Айым Рымбекқызы;

- ҚО ББД ОӘО әдіскері Цай Елена Владимировна;

- «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ жобасының менеджері Амербекова Айнура Толегеновна;

- «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ жобасының менеджері Елеусизова Асель Абаевна;

- Білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлері және облыстық мектептер директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинарда «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ жобасы бойынша назар аудару қажеттілігі бар келесі маңызды мәселелер қарастырылды:

1. ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы №453 бұйрығындағы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ өзгерістері туралы;

2. Пайдаланушылардың жиі туындайтын сұрақтары мен қателіктері туралы талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар online-семинарда қойылған сұрақтарына жауаптар алды.