2020 жылдың 31 қазанында ZOOM платформасында Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының ТжКББ ұйымдарының студенттері арасында «Қарапайым заттар экономикасы» облыстық бизнес-идеялар байқауының қорытындысы өтті.
Байқаудың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.
Байқаудың мақсаты - азық-түлік өндірісі, өнім шығару, сондай-ақ күрделі технологияларды қолдануды талап етпейтін Қазақстан азаматтары күнделікті пайдаланатын қызметтерді көрсету саласында бизнес-идеяларды жасауға жастарды тарту.
Сайыста Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А. Ж. Сәрсембаева құттықтау сөз сөйледі.
Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші іріктеу кезеңіне Қарағанды облысының 25 колледжінен 40 бизнес-идея ұсынылды. Іріктеу нәтижелері бойынша байқау комиссиясы 2-кезеңге онлайн қорғауға облыстың 18 колледжінен 27 жобаны іріктеп алды.
Жобаларды онлайн қорғау ZOOM платформасында өтті. Студенттер өздерінің бизнес-идеяларының барлық мәнін жеткізіп, әр жобаның ерекшеліктерін көрсете алды. Қорғау нәтижелері бойынша 3 бағыт бойынша жеңімпаздар мен номинанттар анықталды:
Бірінші орын - «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК студенттері Мантенов Саттар Габиденович, Байсарин Еламан Есенжанулы, Даулетбеков Алибек Максатович, «Баламалы энергия көздерін қолданумен көпфункционалды жол бойындағы кешен моделі» бизнес-идеясымен.
Екінші орын – «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ студенті Дибиров Дмитрий, «МУКС-мобильді әмбебап қаңқалы құрылыстар» бизнес - идеясымен.
Үшінші орын – «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенті Субботин Илья, «Картонның екінші өмірі» бизнес-идеясымен.
«Үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» номинациясы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің студенті Гумарова Азизаға берілді (««Logo house» әлеуметтік жобасы» бизнес-идеясы) ;
«Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенті Оспанов Тимурға берілді («Мүмкіндігі шектеулі адамдарға автомобильді басқаруға арналған бейімделу» бизнес-идеясы);
«Үнемді жоба» номинациясы «Шет агротехникалық колледжі» КММ студенті Әлиман Думанға берілді («Бидайдан өнім өндіру (табиғи қуырылған бидай өндірісі)» бизнес-идеясы).
Байқау жеңімпаздары 1, 2 және 3 орын үшін дипломдармен, ал номинациялар бойынша үздік жұмыстардың авторлары алғыс хаттармен марапатталды.