Размер шрифта:
Шахтинск қаласының мектептерінің 2020-2021 оқу жылын жұмысын талдау және жоспарлау
04-11-2020 16:49
Шахтинск қаласының мектептерінің 2020-2021 оқу жылын жұмысын талдау және жоспарлау

2020 жылдың 4 қарашасы Шахтинск қаласының білім бөлімі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп ZOOM платформасында онлайн режимде Шахтинск қаласының мектептерінің 2020-2021 оқу жылын талдау және жоспарлау бойынша жиналыс өтті.

Жиналысты Шахтинск қаласының білім бөлімінің ӘК меңгерушісі жүргізді, № 4 ЖББМ директоры Н.Н.Жадько, № 5 мектеп – гимназиясы директорының ОТЖ бойынша орынбасары Н.К.Жаппарова, № 6 ЖББМ директорының ОТЖ бойынша орынбасары М.В.Фефелова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері С.К.Тулепбекова кеңес жұмысын қорытындылап, Шахтинск қаласы мұғалімдерінің әдістемелік бағыттағы авторлық бағдарлама, бейне сабақ,ғылыми-тәжірибелік конференция байқауларына қатысу жұмыстарын жандандыруға кеңес берді.