«Бір отбасы-бір кітап» Акциясы бойынша жұмыс кеңесі
04-11-2020 17:15
«Бір отбасы-бір кітап» Акциясы бойынша жұмыс кеңесі

4 қараша ZOOM платформасы арқылы облыстық «Бір отбасы-бір кітап» Акциясына жауапты қала/аудан әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың тұлғаларымен кеңес өткізілді. Кездесу барысында Акция бойынша қазан айында жасалған жұмыстардың қорытындысы тыңдалды. Қараша айындағы жұмыстарды үйлестіру бойынша ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар, 1-жартыжылдықты қорытындылау бойынша қатысушылар ұсыныстарын, пікірлерін айтты. Атқарылып жатқан жұмыстардың сәтті, сәтсіз тұстары мен кемшіліктері де айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.