Размер шрифта:
«Білімал. Электронды мектеп» АБЖ қашықтықтан оқыту» тақырыбы бойынша оnline-оқыту семинары
05-11-2020 15:47
«Білімал. Электронды мектеп» АБЖ қашықтықтан оқыту» тақырыбы бойынша оnline-оқыту семинары

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК 2020 жылдың 5 қарашасында ZOOM платформасында директорлардың ОТЖ жөніндегі орынбасарларына, ақпараттандыру жөніндегі орынбасарларына немесе әдіскерлерге, білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуға жауапты тұлғаларға (информатика мұғалімдері, инженерлер, зертханашылар), сонымен қатар Нұра және Бұқар-Жырау аудандарының білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ қашықтықтан оқыту бойынша онлайн форматта қазақ тілінде оқытуды өткізді.

Оқытуды «Өрлеу» ИТО» ЖШС менеджері А.М.Мешелова жүргізді. 

Сондай-ақ, барлық педагогтер үшін оnline-оқыту Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының youtube-арнасында тікелей көрсетілді және оnline-оқыту жазбасы youtube-арнасында сақталатын болады. 

Тыңдаушылар саны 138 адамды құрады