Размер шрифта:
«Зейін» жобасы аясындағы семинар
05-11-2020 13:02
«Зейін» жобасы аясындағы семинар

2020 жылдың 05 қарашасынан ZOOM  платформасы арқылы онлайн режимінде облыстық «Зейін» жобасы аясында пән мұғалімдеріне арналған семинар өз жұмысын бастады. 

Қарағанды облысының 18 аймағынан және мамандандырылған мектеп-интернаттарынан әр пән бойынша 500-ден астам  педагогтер қамтылды.

Облыстың жетекші мұғалімдеріоқу сауаттылығыжәне оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмаларды әзірлеутақырыптары аясындатәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда:

Айткенова Мөлдір Болатовна, Қарағанды қаласы  №5 қосымша білім беру мектеп-орталығының қазақ тілі пәні мұғалімі;

Шакенов Жанбол Толеубаевич, Жаңаарқа ауданы С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ география пәні мұғалімі;

Петрова Светлана Владимировна, Қарағанды қаласы №95 мектеп - гимназиясының география пәні мұғалімі;

Жунусова Дина Шакаримовна, Қарағанды қаласы №93 гимназияның физика пәнінің мұғалімі;

Балапанова Құндыз Сериковна, Қарағанды қаласы, №92 гимназияның биология пәнінің мұғалімі;

Касымбекова Арайлым Исановна, Нұра ауданы Қ.Мыңбаев атындағы ЖББОМ химия және биология пәнінің мұғалімі.