Размер шрифта:
«Үздік логопед – 2020»
06-11-2020 14:09
«Үздік логопед – 2020»

2020 жылдың 06 қарашасында облыстық «Үздік логопед – 2020» байқауының финалдық кезеңі өтті.

2020 жылдың  20 қаңтарынан 06 наурыз аралығында «Үздік логопед – 2020» облыстық байқауының І іріктеу кезеңі өтті. Байқауға Қарағанды облысының арнайы білім беру ұйымдары, балабақшалар, орта мектептер, балалар үйлері және жеке ұйымдардың мұғалім-логопедтерінің барлығы 30 жұмысы келіп түсті.  

Финалдық кезеңге Қарағанды облысының 8 логопедтері қатысты.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз:

І орын - Саукамбекова Светлана Валерьевна, «Бөбек» арнайы балабақшасы» КММ, Абай қаласы;

ІІ орын - Райханова Айнур Бакытовна, «№8 «Айсұлу» инклюзивті бөбек-бақшасы» КМҚК, Жезқазған қаласы; Дубынина Татьяна Евгеньевна, «№ 73 ЖББОМ» КМҚК, Қарағанды қаласы;

III орын - Абельдинова Айнаш Берекеевна, Жаңаарқа ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ

Алғыс хаттармен марапатталды

Кытманова Марина Сергеевна, «Ботагөз» бөбекжай-бақшасы» КМҚК, Шахтинск қ.; Андрюшечкина Виолетта Андреевна, «Нығмет» мүгедектер қоғамы» ҚБ, Сәтпаев қ.; Галиева Галина Ивановна, «Әсем» балалар үйі» КММ;  Жунусбекова Юлия Фанильевна, «№31 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, Теміртау қ.