Колледждердің әдіскерлері мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар
05-11-2020 17:03
Колледждердің әдіскерлері мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар

2020 жылдың 5 қарашасы сағат 15-те  Zoom платформасында «ТжКББ жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы колледждердің әдіскерлері мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өткізілді.

Семинарға 100-ге жуық облыс колледждерінің және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің өкілдері қатысты. 

Семинарда келесі тақырыптар бойынша Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. «Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін нормативтік сүйемелдеу» тақырыбы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шаповалова Н.П. және әдіскер Кашина Е.А.;

2. «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері. Сабақтастық: "Мектеп-колледж-ЖОО»,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шаповалова Н.П. және әдіскер Кашина Е.А.;

3. «Оқу сабақтарында критериалды бағалау», колледж оқытушылары Лопатко И.Г. және Махаметчин Е.Д.

Сонымен қатар, семинар барысында «Саран қ. №17 мектеп-гимназиясы» КММ директоры Н.В.Максименкодан, және «Саран қ. №1 мектеп-лицейі» КММ мұғалімдері С.В.Барабошкина мен  О.В. Спринчактан алынған сұхбаттар көрсетілді.

Шара қатысушылары семинар барысындағы чаттан және семинар соңындағы «Сұрақ-жауап»   рефлексиясы кезінде өздерінің сұрақтарына жауаптарын алды.

Семинар аяқталғаннан кейін колледждердің орынбасарлары мен әдіскерлерінің чатында облыс колледждерінің өкілдері жақсы лебіздерін білдіріп, аталған семинар үшін алғыстарын жазды.