2020 жылдың 5 қарашасы сағат 15-те Zoom платформасында «ТжКББ жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы колледждердің әдіскерлері мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өткізілді.
Семинарға 100-ге жуық облыс колледждерінің және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің өкілдері қатысты.
Семинарда келесі тақырыптар бойынша Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті:
1. «Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін нормативтік сүйемелдеу» тақырыбы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шаповалова Н.П. және әдіскер Кашина Е.А.;
2. «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері. Сабақтастық: "Мектеп-колледж-ЖОО», директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шаповалова Н.П. және әдіскер Кашина Е.А.;
3. «Оқу сабақтарында критериалды бағалау», колледж оқытушылары Лопатко И.Г. және Махаметчин Е.Д.
Сонымен қатар, семинар барысында «Саран қ. №17 мектеп-гимназиясы» КММ директоры Н.В.Максименкодан, және «Саран қ. №1 мектеп-лицейі» КММ мұғалімдері С.В.Барабошкина мен О.В. Спринчактан алынған сұхбаттар көрсетілді.
Шара қатысушылары семинар барысындағы чаттан және семинар соңындағы «Сұрақ-жауап» рефлексиясы кезінде өздерінің сұрақтарына жауаптарын алды.
Семинар аяқталғаннан кейін колледждердің орынбасарлары мен әдіскерлерінің чатында облыс колледждерінің өкілдері жақсы лебіздерін білдіріп, аталған семинар үшін алғыстарын жазды.