Күзгі мектеп аясындағы олимпиадаға дайындық шаралары
09-11-2020 11:15
Күзгі мектеп аясындағы олимпиадаға дайындық шаралары

Қарағанды облысында ББД оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Күзгі мектеп аясында  «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі»  бойынша  өзара тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл атындағы ММИ интернаттың математика пәні мұғалімі Мұхамеджанова М.А., ағылшын тілі пәні мұғалімі Жалғаспаева Р.А., орыс тілі пәні мұғалімі Бекбулатова Г.И. өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шеберлік - сыныптар жоғары деңгейде өтті, қатысушылардан кері байланыс алынып, келесі сабақтарда болатын жұмыс жоспары талқыланды.