Размер шрифта:
«Жыр жалын» поэзия әлемі жобасына қатысатын мектептерге арналған семинар
10-11-2020 14:18
«Жыр жалын» поэзия әлемі жобасына қатысатын мектептерге арналған семинар

2020 жылдың 10 қарашасында қашықтықтан «Жыр Жалын» поэзия әлемі жобасына қатысатын мектептерге арналған «Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау, Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау» атты семинар өтті.

Семинарда «Абай һәм 4D» тақырыбымен «Толық адам» даму орталығының жетекшісі, аудармашы, Ернат Мелсұлы сөз алып, Нұр-Сұлтан қаласынан қосылды. Сонымен қатар «Ойлы жас, өлең – менің бар тынысым...» деп, жырлаған жергілікті ақын Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Қайрат Асқар жоба қатысушыларына поэзия туралы бағыт-бағдар берді. Саран қаласындағы №4 ЖББОМ директоры Жакулаев Әділ Мұратұлы «Ұлттың ұлылығы ұлыларын ұлықтауында» деп, өз ойымен және  жұмыс тәжірибесімен  бөлісті.