2020 жылдың 10 қарашасы сағат 10-да Zoom платформасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы колледж әдіскерлеріне арналған «2020 жылы педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттарының өзгерістері туралы» вебинарын өткізді.
Вебинарға облыс колледждері мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқы-әдістемелік орталығынан 80-ге жуық өкілдер қатысты.
Вебинар бағдарламасына сәйкес Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары А.Ж.Сарсембаеваның алғы сөзінен кейін, Облыстық Сараптама Кеңесінің хатшысы Г.С.Сарсекеева сөз алып, ҚР БжҒМ №202 және №192 бұйрықтары бойынша толық мағлұмат берді.
Шара қатысушылары вебинар барысындағы чаттан және вебинар соңындағы «Сұрақ-жауап» рефлексиясы кезінде өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
Вебинар аяқталғаннан кейін колледждердің әдіскерлерінің чатында облыс колледждерінің өкілдері жақсы лебіздерін білдіріп, аталған вебинарды үшін алғыстарын жазды.