Размер шрифта:
Колледж әдіскерлеріне арналған «2020 жылы педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттарының өзгерістері туралы» вебинары
10-11-2020 17:13
Колледж әдіскерлеріне арналған «2020 жылы педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттарының өзгерістері туралы» вебинары

2020 жылдың 10 қарашасы сағат 10-да Zoom платформасында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы колледж әдіскерлеріне арналған «2020 жылы педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттарының өзгерістері туралы» вебинарын өткізді.

Вебинарға  облыс колледждері мен Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқы-әдістемелік орталығынан 80-ге жуық өкілдер қатысты. 

Вебинар бағдарламасына сәйкес Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары  А.Ж.Сарсембаеваның алғы сөзінен кейін, Облыстық Сараптама Кеңесінің хатшысы Г.С.Сарсекеева сөз алып, ҚР БжҒМ №202 және №192 бұйрықтары бойынша толық мағлұмат берді.

Шара қатысушылары вебинар барысындағы чаттан және вебинар соңындағы «Сұрақ-жауап»   рефлексиясы кезінде өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.

Вебинар аяқталғаннан кейін колледждердің әдіскерлерінің чатында облыс колледждерінің өкілдері жақсы лебіздерін білдіріп, аталған вебинарды  үшін алғыстарын жазды.