Размер шрифта:
«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар
10-11-2020 17:21
«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар

2020 жылдың 10 қарашада оқу-әдістемелік орталық Қарағанды қаласының білім бөлімімен бірлесіп  «Ю.Н. Павлов атындағы №35 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  «Жас Сарбаз» сыныптарының жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша онлайн семинар өткізді.

Семинарда тәжірибе жалпылауда сөз сөйлегендер: Д.О.Толеуов, А.Е.Айткулова, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары; С.А.Оразбеков, АӘТД мұғалімі; А.Н. Тажибаева, педагог-психолог.

Семинар жұмысына Қарағанды облысының 14 өңірінің білім беру бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, АӘжТД басшылары қатысты.