«Өзін-өзі тану» пәніне арналған облыстық семинар
11-11-2020 16:43
«Өзін-өзі тану» пәніне арналған облыстық семинар

Қарағанды облысының білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының білім бөлімі бірлесе отырып 2020 жылдың 11 қарашасы күні қашықтықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарында  тәжірибе тарату семинарын ұйымдастырып өткізді.

Семинарда «Өзін-өзі тану» пәні аясында  инновациялық жобалар мен әдістемелерді іске асыру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті:  Қарағанды қаласының білім бөлімі әдіскері Узакбаева Рускуль Узакбаевна; «№102 мектеп-гимназиясының» КММ «Өзін-өзі тану» мұғалімі Илимбаева Гулайман Батталовна; «№ 92 гимназия» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Хайлина Назым Шокитайқызы және бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нургуль Рахтаевна, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Намазбаева Жанар Жаксылыковна, тарих пәні мұғалімі Утжанов Досжан Нуржанович; «№53 мектеп-лицей» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жуасбаева Зауре Онгарбековна, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Воронина Светлана Александровна; Қарағанды қаласының «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы» әдіскері КМҚК Ныгыметова Замзагуль Турсуновна. 

Семинар барысында сауалнама жүргізіліп,  қорытындысы бойынша 90%  баяндамашылардың тәжірибесі жоғары нәтиже көрсетті.

  Қарағанды облысының 300-ден астам педагогі қамтылды.