Қарағанды облысының білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының білім бөлімі бірлесе отырып 2020 жылдың 11 қарашасы күні қашықтықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарында тәжірибе тарату семинарын ұйымдастырып өткізді.
Семинарда «Өзін-өзі тану» пәні аясында инновациялық жобалар мен әдістемелерді іске асыру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті: Қарағанды қаласының білім бөлімі әдіскері Узакбаева Рускуль Узакбаевна; «№102 мектеп-гимназиясының» КММ «Өзін-өзі тану» мұғалімі Илимбаева Гулайман Батталовна; «№ 92 гимназия» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хайлина Назым Шокитайқызы және бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нургуль Рахтаевна, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Намазбаева Жанар Жаксылыковна, тарих пәні мұғалімі Утжанов Досжан Нуржанович; «№53 мектеп-лицей» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жуасбаева Зауре Онгарбековна, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Воронина Светлана Александровна; Қарағанды қаласының «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы» әдіскері КМҚК Ныгыметова Замзагуль Турсуновна.
Семинар барысында сауалнама жүргізіліп, қорытындысы бойынша 90% баяндамашылардың тәжірибесі жоғары нәтиже көрсетті.
Қарағанды облысының 300-ден астам педагогі қамтылды.