Размер шрифта:
«Білім беру ұйымдарындағы мектепішілік бақылау» атты бірлескен өңіраралық онлайн - семинар
11-11-2020 17:50
«Білім беру ұйымдарындағы мектепішілік бақылау»  атты бірлескен өңіраралық онлайн - семинар

2020 жылдың 1 қарашасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 15 және 17 мектеп-лицейінің директорлары Дубирбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы, Алишева Шынаргүл Амангелдіқызымен бірлесіп «Білім беру ұйымдарындағы мектепішілік бақылау» атты бірлескен өңіраралық онлайн - семинарға қатысты.

Білім беру ұйымдарының басшылары мектеп әкімшілігінің осы бағыттағы тәжірибесімен таныстырды. Сөйлеудің басты мәні қашықтықтан оқыту форматында бақылауды ұйымдастыруға арналды. Негізгі тақырыптар «Қашықтықтан оқыту режимінде сабақтарды бақылауды ұйымдастыру» және «Мұғалімнің әдістемелік қамтамасыз етілуі: бақылау және қолдау». 

Мектеп директорлары үш негізгі функцияны анықтады - кері байланыс, диагностикалық және ынталандырушы функциялар. Оқу үдерісінде барлық қатысушыларды бақылау процесіне тартудың маңыздылығы жан-жақты дәлелденді. Өз кезегінде олардың әрқайсысы өзін-өзі дамыту мен жетілдірудің маңыздылығын түсінеді. Шынында да, тиімді және сеніммен жұмыс жасай отырып, біз, әрине, жалпы нәтижеге - сапалы білімге қол жеткізе аламыз, ол тағы да алқалы түрде жасалған алдағы бес жылға арналған мектепті дамыту стратегиясында өз көрінісін тапты.