2020 жылдың11 қарашасында Күзгі мектеп аясында облыстың білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервінің жылдық курсының I модулі аяқталды.
Курс үдерісінде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, нормативтік - құқықтық актілері, үлгілік оқу жоспарлары, мектептердегі педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысы мен құжаттары қаралды. Аталған мәселелер бойынша Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оку-әдістемелік орталығының әдіскерлері, Қарағанды қаласының жетекші мектеп директорлары курс тыңдаушыларымен өз тәжірибелерімен бөлісті.
Курсқа Қарағанды облысының 18 аймағынан директорлардың кадрлық резервіне алынған 176 педагог қатысты.