Размер шрифта:
«Болашақ басшы» Қарағанды облысы білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервтерінің жылдық оқыту курсы
11-11-2020 11:25
«Болашақ басшы» Қарағанды облысы білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервтерінің жылдық оқыту курсы

2020 жылдың11 қарашасында Күзгі мектеп аясында облыстың білім беру ұйымдары басшыларының кадрлық резервінің жылдық курсының I модулі аяқталды.

Курс үдерісінде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, нормативтік - құқықтық актілері, үлгілік оқу жоспарлары, мектептердегі педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысы мен құжаттары қаралды. Аталған мәселелер бойынша Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оку-әдістемелік орталығының әдіскерлері, Қарағанды қаласының жетекші мектеп директорлары курс тыңдаушыларымен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Курсқа Қарағанды облысының 18 аймағынан директорлардың кадрлық резервіне алынған 176 педагог қатысты.