Размер шрифта:
Проблемалық курс «Кәсіби дамудың негізі»
12-11-2020 13:55
Проблемалық курс «Кәсіби дамудың негізі»

2020 жылдың 12 қарашасында қала жəне аудан əдіскерлеріне, ММИ кафедра жетекшілеріне  «Кәсіби дамудың негізі»  тақырыбында проблемалық курс өтті. 

Мақсаты: əдіскерлер мен ƏБ жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Курс барысында облыстық оқу əдістемелік орталығының əдіскері 

Г. Жаркеева «Әдістемелік қызметті ұйымдастыру», «Әдіскер қызметінің моделі» тақырыптарында семинар-тренинг, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және ҚР тіл саясатын іске асырудың  2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Авторлық бағдарлама. Жоба жұмыстарын жазудың әдістемесі жайлы Презентация жасап, нұсқаулықтар берді. «Саран қаласы білім бөлімі» ММ ƏК меңгерушісі С.Шаймұрат әріптестерімен «Іс-қағаздар мен құжаттарды жүргізу» жөнінде толық ақпарат беріп, құжат айналымының негіздері жайлы айтып өтті.Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы РТО әдіскері Смықова Ә.Д. «Латын әліпбиіне көшу-өркениет биігіне көтерілу» тақырыбында тренинг, Қарағанды қаласы «№102 мектеп-гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жунусова Ж.Т., «Дарын» ММИ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Аймагамбетова Д.К., Аубакирова Г.З. workshopтар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Е.Бөкетов ат. ҚарУ ф.ғ.к.,қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының доценті Кадина Ж.З. «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі пәнін оқыту мәселесі» және «Қазақ тілін online оқытуда интернет ресурстарының тиімділігі» тақырыптарында семинар-тренинг өткізіп, мәнді де маңызды ақпараттармен бөлісті. 

Курс соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, рефлексия жүргізілді. Қатысушылар курс тақырыптарының жақсы таңдалғанын, мазмұнды, тиімді  болғанын атап өтті.