2020 жылғы 12 қарашада Теміртау қаласының білім беру бөлімі Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп ZOOM платформасында қаланың жалпы білім беру ұйымдары директорларының өткен оқу жылындағы жұмысқа және ағымдағы оқу жылындағы даму перспективаларына талдау жасауының ұсынысы бойынша он-лайн режимде кеңес өткізді. Осы есеп беру кездесуінде білім бөлімінің басшысы Е.Әшім төрағалық етті, №27 ЖББОМ директоры Каменецкая Наталья Александровна, №2 ЖББОМ директоры Исина Умгульсин Акмалиевна, №10 ЖББОМ директорының м. а. Жумабаева Айгуль Абдулаевна және №1 ЖББОМ директоры Рабаева Бахыт Бекеновна жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияны қорытындылау барысында білім бөлімінің басшысы Есентай Мұқатайұлы және ҚО ОӘО әдіскері Алмагүл Данияровна Бугубаева білім беру ұйымының басқару менеджменті, мектеп директорларына мектеп педагогтерінің зерттеу жобаларын жүргізу бойынша жұмысын жандандыруға, «Мансап құру орталығы» кәсіптік бағдар беру жөніндегі қалалық жобаны, «Зейін», «Зерек» облыстық жобаларын іске асыруға белсенді қатысуға ұсыныс берді.