«ЗЕЙІН» ЖОБАСЫ
13-11-2020 15:49
«ЗЕЙІН» ЖОБАСЫ

Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 13 қарашасы күні «Зейін» жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан нетворкингтер, шеберлік сыныптар, тренингтер өткізілді.

Қарағанды облысының 18 аймағынан және мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 300 педагог қамтылды. 

Облыстың жетекші мұғалімдері оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті:

Мукашева Гульсым Габбасовна, ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскері. Шеберлік сынып: "Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу".

Ақпарова Елена Владимировна, Қарағанды қаласының №62 ЖББОМ физика пәнінің мұғалімі. Нетворкинг: "Физика пәні бойынша жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу".

Потапова Екатерина Викторовна, "Шахтинск қаласы әкімдігінің №3 жалпы білім беретін мектебі" КММ биология пәнінің мұғалімі. Тренинг: "Биология және химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту".

Ермекова Гульнара Садвакасовна, Саран қаласының №4 ЖББОМ химия және биология пәнінің мұғалімі. Тренинг: «Биология және химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту»;

Тәңірбергенова Гүлнәзия Бағдатқызы, "Дарын" ММИ математика пәнінің мұғалімі. Шеберлік сынып: "Математика сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту".