Размер шрифта:
«Білімал.Электронды мектеп» АБЖ-дағы «Кезекші сыныптардың журналы» және «Үйірме жұмысының журналы» жаңа модульдерімен жұмыс істеу бойынша оnline-оқыту семинары
13-11-2020 17:01
«Білімал.Электронды мектеп» АБЖ-дағы «Кезекші сыныптардың журналы» және «Үйірме жұмысының журналы» жаңа модульдерімен жұмыс істеу бойынша оnline-оқыту семинары

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 13 қарашасында «Білімал.Электронды мектеп» АБЖ-дағы «Кезекші сыныптардың журналы» және «Үйірме жұмысының журналы» жаңа модульдерімен жұмыс істеу бойынша Қарағанды облысының білім беру ұйымдары директорларының ОТЖ жөніндегі орынбасарларына, директорлардың ақпараттандыру жөніндегі орынбасарлары немесе білім беру ұйымдарынан қашықтықтан оқытуға жауапты тұлғаларға және білім бөлімінен «Білімал.Электронды мектеп» АБЖ-ға жауапты әдіскерге арналған ZOOM платформасында онлайн форматта оқыту өткізді.

Оқытуды «Өрлеу» АТО компаниясының менеджері А.А.Елеусизова жүргізді. 

Сонымен қатар, барлық педагогтер үшін оқыту Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Youtube-арнасында көрсетілетін болады.

Аудиторияның жалпы қамтылуы -  180 адамды құрады.