Ата-аналарға арналған вебинар
Қарағанды облысының білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 13 қарашасында ZOOM конференциясы форматында ОӘО YouTube-арнасында орыс тілінде «Проблема эмоционального выгорания родителей» тақырыбында ата-аналар, мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар үшін вебинар өткізді.
Вебинар спикері психология магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті психология кафедрасының аға оқытушысы Мухамедкаримова Динара Фархатовна.