Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан оқыту курстарының тақырыптары бойынша объективті ақпарат алу және бейімділікті анықтау мақсатында өткізілген сауалнаманың нәтижесінде, сонымен қатар «Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасын енгізу аясында 2020 жылдың 09-13 қараша аралығында «Бейнемонтаж негіздері» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту курсын ұйымдастырды.
Курстың мақсаты: тыңдаушылардың «Pinnacle Studio» бағдарламасын қолдана отырып, бейне және фотокамералардан ақпаратты жазудан бастап, дайын фильмді шығаруға дейін бейне ақпараттарды өңдеу бойынша білім мен дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін ашу.
Аталған курс бойынша Қарағанды облысының 72 педагогі оқудан өтті. Курсты Ибраев Еркебулан Аманжолович өткізді.
Педагогтер курстың заманауилығын, жаттықтырушының жоғары біліктілігін, сондай-ақ материалды жеткізудің анықтығы мен қисындылығын атап өтті.
Курс соңында барлық мұғалімдер курстан өткендігі туралы сертификаттар алды.