«IT-сарапшы» облыстық жобасы аясында «Компьтерлік желілер және жүйелер» тақырыбында оқыту курсы
13-11-2020 17:55
«IT-сарапшы» облыстық жобасы аясында  «Компьтерлік желілер және жүйелер» тақырыбында оқыту курсы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «IT-сарапшы» облыстық жобасын енгізу аясында 2020 жылдың 09-13 қараша аралығында «Компьтерлік желілер және жүйелер» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту курсын ұйымдастырды. 

Курстың мақсаты: IT-мамандар, инженерлер мен информатика саласындағы зертханашылардың теориялық білім деңгейін арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру.

 Аталған курс бойынша Қарағанды облысының 14 IT-мамандары, инженерлері және информатика саласындағы зертханашылары оқудан өтті. Курсты Абдуллин Асхат Аманбаевич өткізді. 

Курс соңында барлық тындаушылар курстан өткендігі туралы сертификаттар алды.