V облыстық техникалық шеберлік байқауы
14-11-2020 10:57
V облыстық техникалық шеберлік байқауы

2020 жылдың 14 қарашасында Қарағанды облысының балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің фортепиано бөлімдерінің 3(2)-7-8 сынып оқушылары арасында V облыстық техникалық шеберлік байқауы өтті.

Байқауды тәжірибе алаңының жұмысы аясында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжімен бірлесіп өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша «Музыкалық білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту» атты дөңгелек үстел өткізілді.